ВАКЦИНАЦИЯ МЕН КАРАНТИННІҢ АРҚАСЫНДА ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕДІ

Түркістан облысы Келес ауданында коронавирусқа қарсы тұрғындарды вакцинациялау мен карантиндік шектеу шаралары оң нәтиже бере бастады. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ақментай Есбаевтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Алайда, мамандардың айтуынша қауіп әлі сейілген жоқ.

Штаб отырысында аудан басшысы індетпен күресті күшейту бағытында атқарылған жұмыстарды саралады. Штаб отырысына аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудан әкімінің орынбасарлары, мобильді топ өкілдерінің жетекшілері, сондай-ақ ауыл округтерінің әкімдері бейне селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы С.Оразымбетов ауданымыздағы қазіргі қалыптасқан ахуалға байланысты хабарлама жасады.

Аудан басшысы тұрғындар тарапынан індетпен күресте сақтық шараларын қатаң сақтауды және санитарлық талаптарды ескерту бағытында түсіндірмелік жұмыстар қарқынды жүргізілуі керек деді. Сонымен қатар емханалар мен ауруханада карантиндік шараларды қатаң сақтауды, емханада екі айлық дәрі-дәрмек қорының болуын қамтамасыз етуді, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан ауру ошағы анықталған жағдайда шұғыл әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыруды және мектептер мен балабақшаларда сақтандыру жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Аурудың алдын алу тиімді жолы — вакцина. Аудан бойынша екпенің І компонентін 41 мың 760 адам, ІІ компонентін 31 мың 425 адам алған.
Жиын соңында Ақментай Есбаев коронавирустық инфекцияныңның таралуына жол бермеу мақсатында барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика