АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЙЫЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында ауылшаруашылығы саласының негізгі капиталына биылғы жылдың 9 айында 1 миллиард 165 миллион теңге инвестиция құйылды. Бұл туралы
аудан әкімі А. Есбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында айтылды деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тиісті мекеме басшылары бас қосқан жиналыста осы салаға қатысты өзекті мәселелері ортаға салынды. Басқосуда ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы баяндалды.

Аймақта озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 өнім алу бойынша 8 ауылдық округте 1 мың 400 гектар жерге егіс егіліп, жалпы 316 шаруа қожалық аталған жобаны іске асыруда. Жобаға қатысқан шаруалар бірінші айналымнан 41 мың 959,7 тоннаның өнімін өндірген болса, екінші айналымнан 27 мың 325 тонна өнім өндірілді. Қазір өнім жинау науқаны жалғасуда.

Сондай-ақ, ауданда кәсіпкерлік саласында 2021 жылдың 8 айында 96 кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, жалпы құны 574,0 млн.теңге болатын 72 жоба қаржыландырған. «Атамекен» ҰКП ішінен шағын несие ұйымы ашылып, «Бастау бизнес» жобасы аясында оқып бітірген түлектерге 6 процентпен 7 жыл мерзімге 7,0 млн.теңгеге дейін несие берілу жоспарлануда. 2021 жылдың 8 айында 470 азамат «Еңбек» бағдарламасы аясында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз қаражат (грант) алып, кәсібін дөңгелетуде.

Жиында жасалған баяндамаларды қорытындылаған аудан әкімі салаларда орындалуы тиіс көрсеткіштерді реттеуді және жоспарланған жобаларды жандандыруды тапсырды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика