
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Бадам өзені жағасына тасталған құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс қалдықтарын тазалау және ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда тазалау жұмыстарын Қызылжар тұрғын алабы аумағындағы жағалауды 1 ауыр жүк көтергіш техника мен 2 ауыр жүк атқаруда.
Тазаланған күл-қоқыстар арнайы қоқыс полигонына апарып төгіледі екен. Бұл туралы Абай ауданы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасында жазылып, қала тұрғындарына белгіленбеген орынға қоқыс тастау ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны жайында ескертілген.
Больше историй
СЫЗДЫҚ ТӨРЕНІҢ МОЛАСЫ ТАБЫЛДЫ
ШЫМКЕНТ БІЛІМ: ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ
ШЫМКЕНТ: ДОМБЫРА ҮНІ КҮМБІРЛЕГЕН КҮН