«ТӘУЕЛСІЗДІК» САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Күздің алғашқы көшетін отырғызу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов саябаққа арнайы келді. Сондай-ақ, тұрғындарды қаланың жасыл желекке айналуына үлес қосуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі.

«Тәуелсіздік» саябағында шырша, арша, қарағай, үйеңкі сынды түрлі хош иісті ағаш көшеттері егілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика