Әзірге қоржында 581 алтын медаль бар

Шымкенттік спортшылар биыл  түрлі деңгейдегі спорт шараларынан 581 алтын медаль алып келді. Бұл өткен тоғыз айдың  көрсеткіші. Алда әлі үш ай бар. Спортшыларымыз дың жетістігі  жыл соңына дейін еселене түсетінінен үміттіміз.  Мұндай ақпаратты  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында журналистермен өткен басқосуда дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев айтты.

«2022 жылдың тоғыз айында  спортшыларымыз түрлі деңгейдегі спорт түрлері бойынша жалпы саны 1629 медаль жеңіп алды. Оның ішінде,  Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль алса, Азия чемпионаттарында 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізді. Осы уақыт арасында өткен түрлі спорт түріндегі  Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға ие болды.

Спортшыларға құрмет көрсетуде өз дейгейінде, мәселен, 2022 жылғы 1-15 мамыр күндері Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен 2 орынды иеленген 70 келі салмақтағы Рсалы Сабыржанға қала әкімі 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады», — деді  басқарма басшысы.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың 12-23 мамыр күндері Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік гимназияда ойындарына Шымкенттен 23 спортшы 11 спорт түрінен қатысып,  5 алтын, 3 күміс, 2 қола медальға ие болды.

Ал 13-15 мамыр аралығында Испанияның  Мальграт-де-Мар қаласында өткен Еуропа чемпионатына комбат дзю-дзюцудан 2 спорт түрінен 10 спортшы қатысып,  9 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль алса, АҚШ-тың Бирмингем қаласында өткен XI Дүниежүзілік ойындарында Берульцева Софья каратэден 1-орынды жеңіп алса, құзға өрмелеуден Улжабаева Тамара мен каратэден Дархан Асадиловтар 7-ші орынды иеленді. Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысқан 12 спортшының 5 алтын, 4 қола медаль  иегері атанды.

АҚПАРАТ ҮШІН:

Бүгінгі таңда  Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық мекеме бар. Олар спорттың жалпы  71 түрін қамтып отыр. Оның ішінде, 38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес спорттық ойындары бар. Ал, ұлттық спорттың  9 түрі бойынша спортшылар жаттықтырылуда. 71 мекеменің 29-ы мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі болса, 5-і мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында жұмыс істейді. Аталған спорт мекемелеріндегі 17 944 спортшыға штатта бар 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика