
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№5 «Аялы алақан» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “МЕЙІРІМ-ШАПАҒАТ” атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған жиынды «Ерекше жандар күніне» орай бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырды.
Іс-шараны орталықтың басшысы Бекболат Салтаев ашып, атаулы күннің маңызына тоқталды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қызмет алушылар мен қызметкерлерді «10 қазан — Қазақстан кәсіподақтары күні» және «Әлеуметтік қызметкерлер күні» мерекелерімен құттықтады. Салада белсенді жұмыс істеген кәсіподақ мүшелеріне құрмет көрсетіп, мерейлерін өсіріп марапаттар табыстады.
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Балабекова Әсел Маратқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» дәрігер Пердеев Жандос Тұрлыбекұлы, медбике Телікбаева Айнұр Сейдахасанқызы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Ағыс хатымен» тәрбиеші Енжанова Мафруза Мыңбайқызы, дефектолог Оразбаева Манат Төреханқызы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы Үсенбаева Әлима Жуасбекқызы, логопед Абдуқалықова Айгерім Мұхамеджанқызы, палаталық санитар Бекишев Үсен Тоғызбайұлы, санитар Қансейітова Майра Әбдіғаниқызы, бақшашы Чункабаев Шерполат Өмірқұлұлы марапатталды.
Өткізілген іс-шараның концерттік бағдарламасын ұйымдастыруға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің мәдениет бөлімі демеушілік жасап, өнерпаз студенттер әуелетіп ән салды. «Тұмар» би ансамблінің биші қыздарының өнері мерекелік шараның өңін кіргізіп, әр берді. Адамдардың бір-біріне құрметін асырып, мерейін тасытқан, мейірім-мерексі қатысушылардың бойларына қуаныш сезімдерін ұялатып, көңілдерін көкке көтерді.
Орталық туралы: «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы 2021 жылы желтоқсан айында ашылған. Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет көрсетіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемеде ем-шараларымен қатар оңалту шаралары да қарастырылған. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Самал-3 шағын ауданы № 928/1.
More Stories
ЖАҢА ИППОДРОМҒА КЕЛІҢІЗ!
Халық-сапалы өмірге лайық!
Нұрлан Әлімбаев, журналист: «Уәде–Құдайдың екінші аты»