Шымкент көшелерін жарықтандыру көрсеткіші 57 пайыздан асты

Шымкент мегаполис статусын алғалы көркейіп келеді. Шаһарда инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан. Әсіресе көшелерін түнгі жарықтандыру жұмысы жанданған.

Биыл, яғни 2022 жылдың қорытындысына сәйкес,  Шымкент көшелерінің 57 пайызын түнгі жарықпен қамту жоспарланған. Биыл 102 көше жарықтандырылып, жарқырай түсті. Қалған көшелерді жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жыл соңына дейін жүргізіледі.

Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 312 көшені жарықтандыру жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген.
Айта өтейік, Шымкент қаласында 2020 жылы 39 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 24 пайыздан —  29,5 пайызға өскен.

Ал  2021 жылдан бастап,  қала әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жарықтандыру жұмысы жүзеге асып, 2021 жылы 104 көшеге жарықшамдар қойылды.

Нәтижесінде, орталық, әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 пайызға жетті. Жобаның аясында 2021 жылы Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады. Мұнан бөлек 2021 жылы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

Енді келер жылы 106 көшені жарықтандыру жоспары тұр.  Яғни қамту көрсеткішін     70 пайызға өсіру көзделген.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика