ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 4 171 ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАН

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.

– Биыл Əл-Фараби ауданында əлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар екі есеге азайды. Яғни, осы жылы 4 760 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4 171-і мұқтаж деп танылды. Аталған азаматтарға мемлекеттен 1 млрд 390 млн теңге жәрдемақы төленді, – деді Ғабит Патшаханұлы.

Спикердің сөзінше, аз қамтылған көп балалы отбасылар мен тыл ардагерлеріне азық-түлік, 80 отбасыға отын, 9 отбасыға ноутбук және 26 отбасыға қаржылай көмек көрсетілген.

Айта кетейік, «Біз біргеміз» акция аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, соғыс және тыл ардагерлеріне, асыраушысынан айырылған, сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы алушы 8 400 отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берілген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика