Жедел-құтқару жасағының қызметтік иттері сынақтан сәтті өтті

Шымкентте кинологиялық есептердің сертификаттық сынағы өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы жылы сертификаттық сынақтар жаңа форматта өткізілді.

Әрбір жедел-құтқару жасағы өз бетімен, өз облысының аумағында кинологиялық есеп иттерін сынақтан өткізеді. Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылды, оның құрамында Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің тәжірибелі мамандары болды.

Сертификаттық сынақтарға екі кинологиялық есеп қатысты, олар ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой атты 3 итті ұсынды. Иттер сертификаттау сынақтарының үш кезеңінен өтуі керек еді. Бұл — жасақ аумағында өткен тыңдаулар мен ептіліктерді өткізу, одан әрі үйінділердің астынан шартты түрде зардап шеккендерді іздеу. Бұл кезең бұрынғы шифер зауытының тасталған аумағында өткізілді және соңғы кезең — табиғи ортада іздеу (Бадам өзенінде). Жедел-құтқару жасағының барлық қызметтік иттері тапсырмаларды сәтті орындап, өз шеберліктерін және алған кәсіби дағдыларын көрсетті. 

Өткізілген сынаулардың мақсаты — бұл кинологиялық есептерді ТЖ аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына жіберу және олардың дайындық деңгейін анықтау, олар алдағы уақытта ТЖ аймақтарынан адамдарды нақты жағдайларда құтқару операцияларына қатыса алады.

Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика