КӨЛТОҒАН АУЫЛЫНА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Келес ауданындағы Көлтоған ауылына бүгіннен бастап таза ауыз су беріле бастады. Енді елді мекендегі 300-ден астам отбасы сапалы, әрі таза тіршілік нәрін тұтынатын болды. 2019 жылы басталған ауыз су желісінің құрылысын «Строй Жол Сервис» ЖШС-і жүргізді.

Біртілек ауылдық округі әкімдігінің мамандары ауыл тұрғындарына дауыс күшейткіш құралмен ауылға су келетінін хабарлап, жүйелерді шетінен іске қосуға кірісті.

– Бұған дейін ауыз суды тасымалдап іштік. Енді міне, су құбырлары үйлердің ішіне дейін тартылды. Судың сапасы да жақсы. Бұл – мемлекеттің халыққа көрсетіп отырған қамқорлығының көрінісі. Нәтижесінде, көптеген ауылдарға су тартылып, ел сапалы ауыз суға қол жеткізді, – дейді ауыл тұрғыны Қарлығаш Мырзабекова.

Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі – елді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі.

Айта кетейік, Келес ауданы бойынша бүгінгі таңда 15 елді мекенде ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Олардың арасында аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай және Жамбыл ауылдық округінің елді мекендері де бар. Олардың дені биыл жыл соңына дейін қолданысқа берілсе, бірқатар нысандар келер жылы ел игілігіне тапсырылатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика