
Түркістан облысы Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Келес ауданындағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2021 жылғы жоспарға сәйкес «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты 2 рет акция өткізілді.
Акция аясында көшелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің атауы жазылған көше ангшлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандары атауларының тіл туралы заңға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 19 жекеменшік нысан заң талаптарына сәйкестендірілді.
Жұрт назарын еріксіз өзіне аударатын жарнама тақтайшалары қателерге кенде емес. Ол аздық еткендей, өзге тілден тікелей аударылған мағанасы бұлыңғыр сөз тіркестері мен сөйлемдер де көпті шатастырады. Мұндай қателіктерді көбіне коммерциялық нысандар жіберіп жатады.
Маңдайша жазуларын ретке келтіру мақсатында ауыл, ауылдық округ әкімдеріне арнайы хат жолданып, әр бір жаңадан ашылатын жекеменшік нысандардың маңдайша жазуларын мемлекеттік тілде жазылуын қадағалау ескертілген.
Жалпы, акция барысында 263 мекеме маңдайшасы мен жарнама тақтайшаларындағы жазулардың 24-нің заң талабына сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Көрнекі сурет ашық интернет көздерінен