ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмас Сексенбаев бүгін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан бойынша жеті тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені өздері тұрып жатқан аймақтардағы инфрақұрылым жүйелерінің нашарлығын, жер мен баспана кезегі туралы және әлеуметтік мұқтаждықтарын сөз етті. Мәселен, Біртілек ауылының тұрғыны Ерғали Жоланов Әлия Молдағұлова, Иса Байзақов және Тамабай Исабаев көшелеріне асфальт төсеуді сұранды. Ауылдан стадион құрылысын жүргізуге рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу ісіндегі қиындықтар жайын сөз етті. Ал, Абай ауылының тұрғыны, кәсіпкер Зейнеп Оспанова ауданда кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жобаларын таныстырса, Ошақты ауыл округының тұрғыны Ғани Байларов баспана кезегі жайлы мағлұматтарды сұрап білді.

Қабылдау барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Алмас Сексенбаев әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, олардың заң аясында шешу жолдарын қарастырды. Бірқатар мәселені шешу үшін мәселеге жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика