350 МЕТР ЖОЛ — 15 МЛН 700 МЫҢ ТЕҢГЕ

Шымкент қаласындағы, С.Жандосов көшесіндегі жолдың сапасына бақылау үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» рейдтік іс-шараға шықты.

350 метрлік жолдың жөндеу жұмыстарына 15 700 000 қаржы бөлінген. Үш айда жүргізілген жұмыстың нәтижесін сараптаған рейд жүргізушілер жолдың ені стандартқа сай келгенімен ұзындығы стандартқа сай еместігін анықтады. Жол қисық түскен. Канализацияның қақпағы ашылмайды, бетін асфальтпен тегістеліп кеткен. Сондай-ақ, жиектастың (бардюр) нығыздығы да стандартқа сай болмай шықты.

Арнайы құрылғы жолдың тегістігінің сын көтермейтінін көрсетті. Көшенің А.Байтұрсынов көшесімен қиылысында адам тұрмақ, көлік сүрінетін 3-4 ойықтар пайда болған. «Бұл біздің объектіге кірмейді»- деп ат-тонын ала қашқан «Prof-Facade» компаниясының директоры Жайымбетов Тұрсынбай қалған кемшіліктерді түзетуге уәде етті. Ал, ойықтарды «Отырабат құрылыс» ЖШС-і түзететін болды.

Ақбөпе ЕРГЕШ

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика