64 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛЫП, 85 СПОРТ АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясов баспасөз брифингінде көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына тоқталып өтті. Ағымдағы жылы ауданда 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылуда. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің көрсеткіші 89,7 % -ға (565 үй) жетеді.

Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 43 үйдің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларына жөндеу және қайта құру жұмыстары орындалды. Одан бөлек, 46 көпқабатты үйдің ауласын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру бойынша сметалық есептер әзірленіп, 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді.

Сондай-ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. 2020 жылдың соңына дейін 79 ашық спорт алаңшасы орнатылды. Ауданда спорт алаңшасын орнатуға бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, сметалық есептер дайындалды. Нәтижесінде биыл 6 ашық спорт алаңшасы орнатылып, бұл көрсеткіш 85 данаға жетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика