Түркістан облысы Келес ауданында ауыл шаруашылығының негзігі капиталына 1 миллиард 439 миллион теңге тартылған. Бұл туралы аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста айтылды.
Аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері қатысқан келелі жиында 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндаған аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Серікбай бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында 40 миллиард 950,0 миллион теңгенің өнімін өндіру жоспарланған болса, нақты 44 миллиард 75, миллион теңгенің өнімі өндірілген.
Мәжілісте атқарылған жұмыстармен қатар, кемшілік тұстар да айтылды. Атап айтқанда, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық жайылым алқабы бойынша ағымдағы жылы 205 мың 197 гектар жайылым алқапты минагро.кз сайтына енгізу жоспарланса, соның тең жартысы ғана орындалған. Өз кезегінде, аудан әкімі Ақментай Үсенұлы аталған олқылықтың орнын толтыру бойынша нақты істер атқаруды тапсырды.
Жиын барысында аудандағы кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар мен қатар, Абай ауылы және Біртілек ауылдық округіндегі өзекті мәселелер тыңдалды. Сонымен қатар, аудандағы арыз, шағымдардың қаралуы барысы сөз болды.
Leave a Reply