ДЕПУТАТТАР ЕЛ АРАЛАП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУДЕ

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының депутаттары өңірдегі елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесуде. Кездесуге әр ауылдық округіндегі мәселелердің өзектілігіне қарай аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары қатысуда. Аталған кездесудің бірі Ақтөбе ауылдық округінде өтті.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков бастаған депутаттар З.Қадырова, Досжан Искендеров және «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Ахмет Жұмабеков пен ауданның дербес бөлімдері мен мекеме басшыларының қатысуымен өткен жиында жол картасының орындалуы мен келесі жылға межені нақтылады.

Ауыл округі әкімінің баяндауынша биылғы жылы Ынтамақ ауылында ауыз су құрылысы, Бозсу, Ескіқорған, Жаңадәуір, Жуантөбе және Горький елді мекендерінде сапалы электр энергиясымен қамту және Ескіқорған, Құйған, Көкбұлақ ауылдарында ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі құрылыстар жүруде екен.

Халық қалаулыларымен болған кездесуде тұрғындар тарапынан Оймауыт бөгетін жөндеу, Бозсу каналына Өзбекстан тарапынан ағын судың қажетті мөлшерде келуін қадағалау, елді мекендердегі таза ауыз су, жолаяқ салу және ішкі көшелерді жөндеу мәселелері көтерілді.

Депутаттар көтерілген мәселелер бойынша тиісті дербес бөлім және мекеме басшыларына қажетті жұмыстар атқаруды тапсырды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика