Алматы қаласындағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің клиникалық госпиталінің үшінші қабатына Түркістан облысы «Келес аудандық Ауғанстан және локальды соғыс ардагерлері мен мүгедектері Одағының» тыныс тіршілігі жайлы стенді қойылды.
Ардагерлер өмірінен мол мағлұмат беретін тақтайша «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан облысындағы Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Ахмет Әбдраманұлы Жұмабековтің үйлестіруімен Келес ауданындағы Тәжік-Ауған ардагерлері қорының есебінен жасалды.
Келес ауданы ардагерлерінің аталған аманатын Ауғанстан және жер-жердегі соғыс ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Бақыт Қалмұрзаев орындап қайтты.
Сапар барысында кеңес төрағасының орынбасары республикалық клиникалық госпиталдің бірқатар ақ халатты абзал жандарын Келес аудандық Ауғанстан және локальды соғыс ардагерлері мен мүгедектері Одағының «Алғыс хатымен» марапаттады.
Ауызбіршілік пен ынтымақ бар жерде ардагерлердің әрдайым жолы ашық, мерейі үстем болары хақ!
Келестік ардагерлердің ынтымағы баршаға үлгі болсын дейміз!