«ПАРАСАТТЫЛЫҚ АЛАҢЫ — 2019» ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

«Асыл – тастан, ақыл жастан» демекші, тың идеялар, жақсы өзгерістер, оң бастамалар жастардан басталады. Осы орайда, бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде жас ақындар арасында «Парасаттылық алаңы — 2019» (Әділдік, парасаттылық, сенім) мүшәйрасы өтті.

tories/10122019-20.jpg» border=»0″ />

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, парасаттылық, адалдық сияқты құндылықтарды насихаттау арқылы ақындар өскелең ұрпақ бойында патриоттықты, адамгершілікті қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті. Мүшәйра қорытындысымен жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика