ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТҚА ӨТКЕН ПАРТИЯЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев баяндады.

– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық сайлау комиссияларының нәтижелері негізінде 348 644 адам дауыс берді. Бұл азаматтық таңдаудың қорытындысына сүйенсек, депутаттық мандаттарды бөлу барысында 7 пайыздан асқан «Nur Otan» (78,63%), «Ауыл» ХДПП (9,44%) және «Ақ жол» ҚДП (9,60%) партиялары мәслихатқа өтті, – деді Қайырбек Көбекұлы.

Спикердің сөзінше, Шымкент қаласы бойынша партиялар арасында «Нұр Отан» партиясына 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 мандат және «Ақ жол» демократиялық партиясына 3 мандат бөлінді.Айта кетейік, мәслихат депутаттарының тізімі бүгінгі жарияланған қорытындыдан соң, 5 күн ішінде белгілі болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Береке Сейітжаппар

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика