ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕКОВ — Н. ИМАНҒАЛИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Түркістан облысы Келес ауданының тумасы Жолдасбек Қанат Бейсенбайұлы қазақ журналистикасының үздігі, танымал тележурналист, сөз шебері Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың жүлдегері атанып, арнайы стипендияға ие болды.

Қанат Жолдасбеков — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан талапты жас. Ол аймақтағы жергілікті журналистермен және ұстаздарымен ақылдаса отырып, телевизия мэтрі туралы ұзақтығы жеті жарым минут болатын бейнематериал әзірледі. Жас журналист оны жасау барысында интернет дереккөздерінен бөлек, Нұртілеу Иманғалиұлының Оңтүстікке келген сапарлары кезінде кездескен азаматтарымен және шәкірті Жанбота Рахметулламен пікірлесіп, қажетті материалдар жинақтаған.

Талапты студент:

— Бейнематериалды әзірлеу барысы болашақ журналист ретіндегі ұстанымдарымды қалыптастырып, мамандығымды терең игеруіме ықпал етті. Маған ерекше әсер еткені — оның турашылдығы. Мұндай қасиет келешекте журналистік потенциалымды жасақтауға ең қажетті дүние деп есептеймін. Оның бетке айтатын турашылдығы өзінің жасаған жұмыстарынан да ап-айқын көрініп тұрады-дейді.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика