ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА МЕКЕН ЖАЙДА

Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Қала әкімі Қаратау ауданын аралау барысында аталған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды.

Қызмет көрсету орталығы бүгінде «Шымкент қалалық Өзбек драма театрының» ғимаратын жалға алып отыр. Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген жеке кәсіпкер Ибрагим ата көшесінде орналасқан жеке меншігіндегі әкімшілік ғимаратты ХҚКО-ға тегін қолданысқа беруге ниетті екенін жеткізді. 400 шаршы метрді құрайтын ғимарат іші толығымен жиһазбен жабдықталған.

Лазизхан Сулайманов – кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуынан кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Ол бұл ісін қаланың патриоты ретінде жасағанымен түсіндіреді.

Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы қала тұрғынына өз алғысын жеткізіп, халыққа қызмет көрсету орталығын жақын арада көшіруді жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика