Жаңаталап сапалы электр қуатымен қамтылатын күн жақын

Жақын арада сапалы электр қуатымен қамтылатын елді мекендердің бірі — Жаңаталап.  Құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 95% құрылыс жұмысы аяқталды.  Жұмыс барысында 42,2 шақырым электр желісі тартылып, 1 810 электр бағаналары орнатылды.  Сапалы электрмен қамту жұмысы толығымен қазан айының соңына дейін аяқталмақ.  Нәтижесінде, 1 361 абонентке мемлекеттік желіден электр қуатын тұтуға мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін, тариф бағасы 27-32 теңге аралығында болса, абоненттеу жұмысынан соң 17,9 теңгеге төмендейді.

Айта өтейік, Шымкенттегі  81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған болса, 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз.   Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай елді мекендерді  сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жоспарға сай жүруде. Бүгінге дейін, Солтүстік саяжай елді мекені мен Сәуле 276-орамда құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта абоненттеу жұмыстары жүруде.

Жыл соңына дейін Достық, Тұран, Нұртас, Жаңаталап елді мекендерінде де құрылыс жұмыстары аяқталып, барлығы 6 елді мекен тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Нәтижесінде,  22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алып, көрсеткіш 98 пайызға жетеді.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика