Шымкент қаласында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды

Шымкент қаласында биыл жол-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының транспорт және автомобиль жолдары басқармасының фейсбуктегі парақшасы хабарлады.

Басқарма парақшасының мәліметінше, 2020 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жалпы 33,8 млрд. теңге қаржы қаралған: республикалық бюджет – 10,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 23,0 млрд. теңге.

Биыл автомобиль жолдары саласына – 25,4 млрд. теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 24,7 млрд. теңге немесе 73,1 % — ы игерілді.Ағымдағы жылы қалада 261 нысан немесе 416,8 шақырым жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Оның ішінде, осы жылы 236 нысан (306,7 шақырым) пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның ішінде: 1,8 мың шақырым. – асфальтталған, қалған 1,2 мың шақырым. – шағал тас пен топырақ. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 3,5 %-ға ұлғайып, жалпы 60%-ға жеткізу жоспарланған.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика