КЕЛЕСТІКТЕР КӨБЕЙІП ЖАТЫР

Биыл Келес ауданында халық саны үш жыл бүрынғы кезеңмен салыстарғанда 6,1 процентке көбейді. Осылайша 2021 жылдың 1 тамызындағы ресми мәлімет бойынша аудан тұрғындарының саны 144 мың 149-ке жеткен.

Халық санының көбеюіне аймақтағы демографиялық өсім ерекше ықпал етуде. Биылғы бес айда аудандағы бала туу көрсеткіші 2020 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 357-ге көбейіп, туу көрсеткіші 33,87 процентке артқан.

Түркістан облысының оңтүстік-батысында орналасқан Келес ауданы осыдан 3 жыл бұрын Сарыағаш ауданының құрамынан бөлініп шығып, өз алдына дербес аудан болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда ауданда 83 елді мекен бар. Үш жылдың ішінде өңірде 24 балабақша іске қосылды. Жылыжай аумағы 71,8 гектарға, мал бордақылау кешеніндегі төрт түлік саны 2 мың 167-ге артты. Сондай-ақ 3 кәсіпорын іске қосылып, жаңадан 5 мың 647 жұмыс орны құрылды.

Келестің аудан болып қайта құрылуы халық санының артуымен бірге әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына да негіз болды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 53,1 шақырым болатын 21 көше таспен тегістелді. Мұнан бөлек 150,5 шақырым болатын 97 көшеге асфальт төселді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жағдайы 24,1%-дан 45,9%-ға жақсарды. Яғни көлік қатынасына өте қолайлы жолдардың ұзындығы 326,4 шақырымға жетті. Бұл көрсеткіш аудан құрылған кезеңде, яғни 2018 жылы небәрі 152,3 шақырым болған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика