«ҰЛЫ АБАЙ – ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ БОЛДЫ

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы аталып өтіп жатыр. Осыған байланысты, елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті  тарапынан   республикалық диктант жазу шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Еліміздің барлық өңірлеріңде ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай тұңғыш рет «Ұлы Абай – халық жүрегінде» тақырыбында жалпыхалықтық диктант жазылды.

         Республика көлемінде өткізіліп жатқан жалпыхалықтық диктантқа Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «В-2» тобына қатысушылары да қатысты. Диктантқа қатыса отырып, департамент қызметкерлері ұлы ақын Абай мұраларын кеңінен насихаттауға үлесін қосып, өздеріннің жазу мәдениетін пысықтады.

         Диктант 145 сөзден тұрады, мәтіні Абайдың қара сөздерінен құрастырылған. Абайдың шығармашылығы бәрімізге жақсы таныс. Ол ұлы адамның еңбектері ешқашан да ұлтқа бөлінбей, ұлы шығармашылығы барлық адамзатқа тән болып қала береді.

З.Турусбекова

Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы  коммуникациялар тобының бас маманы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика