ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Аудан аумағында сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып жатыр. Ата-бабадан қалған «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз қалған. Осыған орай, Әл-фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері «Асанбай Асқаров» атындағы дендросаяқтың ауласына жеміс және басқада ағаштардың көшеттерін отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, күзгі маусым, алдағы жауын-шашын күндерді ескере отырып, Әл-Фараби ауданы бойынша ауладағы ирригациялық арықтарды және жаппай жапырақ түсу мерзімінде үйлердің аулаларында қураған жапырақ үйінділері мен ағаш бұталарын, басқа да бөгде қоқыстарды тазарту мақсатында, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Мұның бәрі қала көркі үшін, тұрғындардың саламатты өмір салты үшін жасалып жатқанын ұғынған дұрыс. Ал, жасалып жатқан еңбекті еш етпей, тазалық пен тәртіп сақтауды ауданымыздың әрбір тұрғыны өзінің парызы мен міндеті екенін ұмытпаса игі.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика