СПОРТТЫ ДАМЫТУ — МЕМЛЕКЕТ ҰСТАНЫМЫ

Түркістан облысы Келес ауданында бұқаралық спорт қарқынды даму үстінде. Бұл саланы дамытуға байланысты қолға алынған кешенді жұмыстардың нәтижесінде қазір аймақта 5 кіші футбол алаңының құрылысы жүруде.

Атап айтсақ, Біртілек ауылдық округінің орталығы Біртілек елді мекенінде, Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елді мекенінде, Ақтөбе ауылдық округінің орталығында, Бірлік ауылдық округінің орталығында, Бірлесу ауылдық округінде жаңа типтегі кіші футбол алаңдары салынуда. Соның арқасында аудандағы мыңдан жасөспірім енді заман талабына сай спорт алаңдарында жаттығып, шеберліктерін арттыратын болды.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған бұл жұмыстарды қадағалау мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған құрылыс нысандарында болып, құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының сапасын көрді. Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, нысанды тұрғындар игілігіне уақытылы беру қажеттігін тапсырды. Жалпы спорт алаңшаларының құрылысын 2021жылы қыркүйек айының соңына аяқтау жоспарланған.

Биыл Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы орталық стадион реконструкциядан өтті. Сонымен бірге, Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы да жаңартылды. Одан бөлек бүгінгі таңда аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен елді мекендерде футбол алаңдары салынуда.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика