ӘКІМДІКТІҢ ДЕРБЕС БӨЛІМДЕРІ БІР ҒИМАРАТҚА ЖАЙҒАСАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер енді күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратқа жайғасатын болады. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезінде орталық аурухананың перзентхана бөлімі болған екі қабатты ғимаратқа биылғы мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Бүгінгі таңда құрылыс аяқталуға жақын. Еңбек етіп жатқан жұмыс күші жетілікті. Құрылысқа отандық құрылыс материалдары пайдаланылуда. Құрылысты «Радуга С-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.

Аудан әкімі кезекті сапары кезінде осы нысандағы атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Нысанды аралау барысында мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, күрделі жөнеу ісіне қолданылатын құрылыс материалдарының сапалы болуына көңіл бөлуді тапсырды.
Нысан құрылысы аяқталған соң мұнда әкімдікке қарасты бірнеше бөлім жайғасатын болады. Бұл мемлекеттік қызметке жүгінген аудан тұрғындарының әуре-сарсаңға түспей жұмыстарының бір орталықтан бітіруіне мүмкіндік береді.

Сарыағаш ауданының құрамынан бөлініп шығып, дербес аудан болған Келес ауданының орталығы биыл сәулеттене түспек. Қазір сондай-ақ аудан әкімдігінің ғимараты да күрделі жөндеуден өтуде. Екі қабатты нысанның үстіне қосымша тағы бір қабат тұрғызылып, еңсесі биіктеді, ауқымы кеңейтілді. Аудан әкімі Ақментай Есбаев бұл нысанның да құрылысымен танысты. Жұмыстарға бақылауды күшейтуді ауыл әкімі Ерғали Әбдірахмановқа жүктеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика