28 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

Шымкентте жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 28 мыңға жуық отбасыға берілді. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, тұрмысы төмен санатындағы тұрғындарға 11 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Биылға бұл мақсатқа 17,4 млрд. теңге бөлінген. Республика бюджетінен – 16,4 млрд. теңге, қалған қаражат жергілікті бюджеттен қаралған. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен «Магнум» сауда орталығы арқылы 25700 бала толығымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері 1-3 жас аралығындағы балаларға – 61 959 пакет азық-түлік жиынтығы, 3-6 жас аралығындағы балаларға – 74 990 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы балаларға– 31 921 пакет тұрмыстық-химия жиынтығы үлестіріліп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика