
Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің шекті сауда бағасын арттыру фактісін байқай қалсаңыз, онда сіз Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жазбаша түрде хабарласа аласыз. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қонаев даңғылы №27, (дәрілік препараттарды сатып алу туралы дәлелді чек құжаттарымен).
Дәрі-дәрмектің бағасын қадағалауға арналған «DariKZ» электрондық қосымшасы еліміздің кез-келген аймағында жұмыс істейді. Осы қосымшаны смартфонға жүктеу арқылы ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар мен олардың бағалары туралы барлық ақпаратты білуге болады.
Сондай-ақ, дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын көтергені үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
«Қызмет-Ақпарат»