ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жақында бүкіл шахмат әлемі 20 шілдеде «Халықаралық шахмат күнін» атап өтеді. Қазақстандық шахмат федерациясы, Казақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қолдауымен, сіздерді Халықаралық шахмат федерацияся (ФИДЕ) жариялаған үлкен шахмат фестиваліне қатысуға шақырады.

Біз еліміздің шахмат ойыншыларын, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді, сіздің достарыңыздың, таныстарыңыздың, көршілеріңіздің, туыстарыңыздың, іні-қарындастарыңыздың біреуін шахмат ойнауға үйретіп, осылайша бұл мерекені атап өтуін өтінеміз. Осы қиын уақытта сіз әдемі әрі ежелгі зияткерлік шахмат ойынын ойнауға үйрете отырып біреудің өмірін өзгерте аласыз, сонымен бірге, достық атмосферада (офлайн немесе онлайн түрде) бірге уақыт өткізесіз.

Фотосуреттер мен бейнебаянды бізге office@kazchess.kz почтаға жіберуді сұраймыз, біз оларды Федерацияның kazchess.kz сайтында және Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде жариялаймыз. Сонымен қатар, сізден фотосуреттеріңізді / бейнебаяндарыңызды әлеуметтік желілерде 20 шілде мерекесінде #internationalchessday және #kazakhstanchess хэштегтермен жариялауыңызды сұраймыз.

Өткен жылы көптеген қазақстандықтар FIDE фестиваліне қосылудың арқасында, отандық және әлемдік шахмат қауымдастығы айтарлықтай жетістіктерге жетті: шахмат әлемімен бұрын таныс емес адамдар (және компаниялар) осы ойынның алғашқы негіздерін біліп, Халықаралық шахмат күнін тойлауға қосылды. Биылғы жылы біз сіздің қолдауыңызға сенім артамыз, әсіресе шахматты оқытуда еліміздің дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің балаларын қатыстырсаңыз.

Шахмат ойнаңыздар! Жақындарыңызды осы ойынға үйретіңіздер!

Қазақстандық шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Ресми сайт: kazchess.kz

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика