15 МЕКТЕПТЕ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Қаладағы 148 орта білім беретін мектепте 139 спорт зал және 174 спорт алаңшасы бар. Сондай-ақ, 3 ату тирімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 89 мектепте типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылған.

Биыл 17 мектепке спорт алаңшалар орнатуға республикалық бюджеттен 560 миллион теңгеден аса қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 15 мектепке спорт алаңшалары орнатылды. Ал, қалған 2 мектептің спорт алаңшаларын орнату жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазан айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Одан бөлек, бұл жылы 40 миллион теңгеге мектептердегі спорт залдары құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.Қазіргі таңда 5 мектепте спорт зал жоқ. Оның ішінде, 2 мектепке қосымша құрылыс есебінен спорт зал салынуда, ал 3 мектептің спорт залының құрылысын салу үшін жер рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика