ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды.

Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Ал, жыл соңына дейін әрқайсысы 300 орындық болатын №17, №62, №84 мектеп және 1 өнер мектебінің құрылысы бітеді.

Қалған 1920 орындық 4 мектептің құрылысы келер жылы ақталады деп күтілуде. Жыл соңында апатты мектеп саны 1-ге азайса, үш ауысымды мектептердің саны екіге қысқаратын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика