АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛЫП, АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

Шымкент қаласында аялдамалар жаңартылып, аяқжолдар құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 260 дана аялдама орнатылып жатса, 145 ескі аялдама демонтаж жасалып, қала сыртында орналасқан елдімекендерде орнату жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 534,4 млн. теңге қаралды. Атап өтсек, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Еңбекші ауданында 50, Қаратау ауданында 70 дана аялдама орнатылуда. 2021 жылға 400 аялдаманы жаңарту жоспарланып отыр.

Қала жолдарының бойында 912 шақырым аяқ жол бар. 2020 жылы 319 шақырым аяқ жол құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика