2022-08-19

АУРУХАНА ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРЫП ҚАЛДЫ

Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі.

Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде.

Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал босану бөлімі ғимараты мен емхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика