2022-09-29

ИНТЕРНЕТІ ТӨМЕН ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА 7 МОБИЛЬДІ ОПЕРАТОРДЫҢ СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы барлық білім мекемелері толықтай қашықтан оқу форматында І тоқсанды аяқтады. Қазір қаладағы барлық мектеп оқушылары үй жағдайында интернетпен қамтылған. Бүгінде білім басқармасы тарапынан 17 701 отбасыға «Bilim al» интернет тарифіне қосылған сим-карталар үлестіріліп, 760 отбасындағы балалар оптикалық байланыс арнасымен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді.

– Шалғай елді мекендерде интернетке мұқтаж 18 461 отбасында 31 798 бала бар. Оларға «Bilim Iand — Onlinemektep.org» платформасы енгізілген 5000 ноутбук уақытша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан интернет жылдамдығы төмен елді мекендерге 7 мобильді оператордың станциясы орнатылып отыр, — деді басқарма басшысы.

Жанат Арысбекқызы шаһардағы білім мекемелерін толығымен санитарлық қажеттіліктермен қамтылғаны жөнінде де айтып өтті. Мектептер мен бала-бақшаларды санитарлық заттар үшін бюджеттен 66 млн 842 мың теңге қаржы қаралған.

Айта кетейік, қазір қаладғы білім мекемелері толығымен интернет желісіне қосылған. Жылдамдығын 8 Мб/с — 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосымша келісім шарттар түзілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика