ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА 102 ТҰРАҚТЫ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген жоспарға сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде аудандағы жұмыссыз және жұмыс іздеушілер арасында арнаулы, орта және жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектерге тұрақты жұмыс орындарын ұсынуға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге ауданның 36 жұмыс берушісі 102 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар, халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірінің халқын солтүстікке көшіруді ұйымдастыру бойынша «Ашық есік» өткізіліп, Павлодар облысы Баянауыл және Успенко ауданынан 85 бос жұмыс орыны ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатысып, нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Олардың ішінде, аудан әкімдігінің 05.03.20210 жылғы №65 санды қаулысына сәйкес, 2 жұмыс беруші бірден жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, екі мүмкіндігі шектеулі азаматтың бірі «№13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, тағы бір азамат №56 «Т.Белгібаев» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тұрақты тұрақты еңбек ететін болды.

2021 жылдың 8 айында Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі бірақ еңбекке жарамды 81 азамат жұмыс сұрап өтініш айтқан болса солардың 64-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылған.

Жалпы, Келес ауданы Түркістан облысындағы артық жұмыс күші бар, 143 мыңға жуық халқы тығыз орналасқан аймақ. Биыл ауданда жұмыссыздар ретінде 522 адам тіркелген болса, 1 мың 328 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика