ҚАРАТАУ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ШАҒЫНАУДАНДАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛУДА

Қаратау ауданының əкімі А. Әліқұлов инженерлік инфрақұрылым жүйелерін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысында Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Асар-2 жəне Достық шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аталған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар кеңінен түсіндірілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. 36 324 тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен, 4 941 үй тасымал сумен қамтылған.

Қазіргі уақытта, Азат шағынауданы мен Тассай, Достық, Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталуда. Ал, 2021 жылы Асар-2, Достық, Тұран шағынаудандары сапалы ауыз сумен жоспарға сай қамтылмақ.

Аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін тағы 6 елді мекен бар. Олар Асар-2 ш/а (2 кезек), Бозарық с/ж, Қайнарбұлақ т/а, Исфиджаб т/а, Сайрам т/а, Қызылсу тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтары. Аталған елді мекендер «Шымкент қаласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика