Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен және қайырымдылық қорларының белсене қатысуымен 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Жиында байрақты еліміздің дамуында еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдаған 30 қатысушыға тігін машиналары мен кондитерлік пештер сыйға тартылды.
tories/17122019-31.jpg» border=»0″ />
Бұл — кәсіп бастауды мақсат еткен азаматтарға зор қолдау. Үшінші мегаполисте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойылып отыр.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша, қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жыл басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған. Сонымен қатар ол бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келетінін атап өтті. Яғни, жыл басынан бері 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.