Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Шымкент қаласында 1000 медицина қызметкерге   коронавирусқа қарсы «Sputnik V» вакцинациясының бірінші компонентін салу аяқталды. Вакцина алғандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету  ұйымдары,  медициналық жедел жәрдем көрсету мекемелері,  инфекциялық ауруханада, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері.

Вакцинация алғандарға медициналық бақылау талапқа сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілді. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпе егілген азаматтардың денсаулығы қанағаттанарлық. Вакцинацияланғандар арасында екпеден кейін асқынулар тіркелмеді.

Қалада вакцинациялаудың екінші кезеңі наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр. Екінші кезеңде педагогтар мен тәртіп сақшыларына егіледі.  Бұл қызметкерлерге  Qazcovid-In вакцинасы салынады деп жоспарлануда. Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Шымкент қаласында 2020 жылдың  24 наурызынан 19 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6040 жағдайы тіркелді. Оның ішінде  3075 симптомды, 2965 симптомсыз. Емделіп шыққандар саны – 5 510, қайтыс болғандар — 94. 1 тамыздан 19 ақпанға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 1445 жағдайы тіркелді.

Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған  10 жағдай тіркелді. Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек — орын бар (жұқпалы — 560, карантин — 500), оның 890 төсек – орны бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 170 науқас ем қабылдауда немесе толымдылығы 16% құрайды (оның ішінде КВИ 31,ЖРВИ 113, пневмония 26,карантиндік 0). Ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындалған.

А – ағымдағы жағдай. 1 220 төсек орынды қамтиды.

В – маусымдық эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-ке дейін артады.

С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады.

 Ақбөпе ЕРГЕШ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика