ҚАЛА БОЙЫНША 9 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғын сапалы электр желісіне қосылды.

Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған елді мекендегі 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді.

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елді мекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елді мекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика