ДЕНДРОСАЯБАҚТЫҢ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНЕ 10 ҚЫРҒАУЫЛ ҚОСЫЛДЫ

Шымкентте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа 10 дана қырғауыл құсы әкелініп, саябақ аумағына ұшырылды. Саябақтың фаунасы ұлғайтып, табиғи ортаны қалыптастыру және тепе-теңдік сақтап қалу үшін бұл құстар Сырдария-Түркістан өңіраралық табиғи паркінен жеткізілді.

Дендросаябақ қаланың қақ ортасында орналасқан кіші орман болып есептеледі. Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген. Кіші орман болғандықтан өзіне тән тыныс-тірішілігімен қоса аң-құстары мен жабайы жануары болуы тиіс.

Айта кетейік, саябақ аумағындағы 3 га жасанды көлде жабайы аққу, қаз, үйрек жерсіндірілген. Қойнауында балықтың бірнеше түрі кездеседі.

Сонымен қатар, саябақта 84 қырғауыл, 50 тиін, 23 қоян,10 таус (павлин), 5 жібек және бентамка тауығы, 4 цесарка, 3 теңбіл бұғы, 4 кер бұғы, 1 ергежейлі қой бар. Аталған аң-құстар арнайы бастырмаларда, қорада және еркіндікте жүреді. Олар жем-шөппен толық қамтылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика