2022-09-29

ҚАЛАНЫҢ КӨРКЕЮІНЕ СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАР ДА АТ САЛЫСУДА

Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыстар балама жаза ретінде кең таралуда. Қазақстан Республикасының заңнамасымен ауыр емес қылмыстар мен қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік түрлерінің бірі айыппұлдар мен қоғамдық жұмыстарға тарту сияқты жаза түрлері болып табылады.  

Сот көптеген құқық бұзушылардың аталған санаттағы адамдарға төлеуге қаржылай мүмкіншілігі болмай жататынын екенін ескере отырып, қоғамдық жұмыстарды тағайындайды. Қоғамдық жұмыс жаза түрі ретінде сотталғандардың негізгі жұмысынан немесе оқудан бос уақытында ақысыз қоғамдық жұмыс атқаруынан тұрады. Негізінен, мұндай жазаны есірткіні қоғамдық орында қолданған немесе басқа да жеңіл қылмыстар жасаған адамдар алуы мүмкін.                

Шымкент қаласы Абай аудандық әкімдігі және Абай ауданының пробация қызметінің бақылауымен күн сайын 20 заң бұзушы азамат жиналып, сот үкіміне сәйкес тағайындалған қоғамдық жұмыстарды атқарып, аумақты тазарту шарасын жасайды.

Осыған орай,  есептегі қоғамдық жұмыстарға тартылғандардың бірі А. есімді азамат:

– Бұл тірліктің еш қиындығы жоқ, біз өз қаламызды тазалап жатырмыз. Мен өз іс-әрекетім үшін заң алдында сотпен тағайындалған жазамды орындаудамын,-дейді.

Осылайша, бір жағынан еңбекпен тәрбиелеу шарасы атқарылса, екінші жағынан қала тазалығы да қоса атқарылып жатыр.

А.Утегенова

Шымкент қалалық №2 Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны

Яндекс.Метрика