КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ 170 МЫҢ ДАНА АҒАШ КӨШЕТІ ӘЗІРЛЕНЕДІ

ANTIKOR.LIVE жобасы аясындағы тікелей эфирде «Жасыл белдеу» КММ директоры Пірімқұлов Керімжан Жанқұл сұқбат берген болатын. Осы сұқбаттан Шымкент қаласының көркейту, көгалдандыру және орман белдеумімен көмкеру шаралары жайындағы мәліметтерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Ағаш өсіретін тұқымбаққа тоқталып өтсек. Орман қор жерінде 752 га-дың 2 гектарында біз қара ағаш көшетін, алма, шабдалы жеміс ағаштарының тұқымдарын сеуіп, келер жылға 170 мыңдай түп ағаш көшетін алуды межелеп отырмыз.

Сонымен қатар, 8,2 гектар жерге күз айында  ағаш тұқымдарын себу жұмысын аяқтадық. Келешекте жасыл аймақ пен қала көшелерін көғалдандырамыз деп отырмыз.

Бұдан бөлек, өрт маусымы жаз айларында көп болады, соның қаупін сейілту үшін жұмыс жасаймыз. Орман өртін өшіретін құрал-саймандармен қамтамасыз етілгенбіз.

Кейде, қауіпсіздікті сақтау жөнінде үнпарақтар таратамыз.  Үгіт-насихат жұмыстары бойынша 2 телеарнадан көрсетілім  берілді. Интернет желілері арқылы 5 мақала беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

    Ж.Пірімқұлов

«Жасыл белдеу» КММ директоры

 Тікелей эфирдегі сұқбатты жазып алған Ақбөпе ЕРГЕШ

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика