ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН МЕКТЕПКЕ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АТЫ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр. Мектеп аумағы 0,60 гектар учаскені алады. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек.

Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. «Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалу керек»— деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі. Қала әкімі сыныптарды аралап, құрылыстың әрбір бөлігіне жіті мән берді. Сонымен қатар, оқу бөлмелерінің заманауи техникалармен қамтылуына да баса назар аудару керектігі айтылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика