ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Түркістан облысы Келес ауданында онлайн форматта жәрмеңке өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жүзеге асып отыр.

Іс-шара аясында онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа жан-жақты әрі кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкеде мемлекеттік қызметтер бойынша, жұртшылық арасында жиі сөз болатын білім беру, «Дипломмен ауылға» бағдарламалары жайында мағлұматтар мен кеңестер берілді. Жәрмеңкеде спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті жəне аумақтық органдардың білікті мамандары тұрғындар сауалына жауап берді.

Тікелей эфир барысында түрлі сала бойынша жауапты мамандар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек берілді. Сонымен қатар, жәрмеңкеде мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінің маңызы, тиімділігі мен сапасы жөнінде айтылды.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика