КЕЛЕСТЕ 5 АУЫЛҒА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛМЕК

Түркістан облысы Келес ауданы Біртілек ауылдық округі аумағындағы бес елді мекен таяу арда табиғи газ желісіне қосылмақ. Қазіргі таңда елді мекендердегі газ желісі «Таскескен» газ тарату станциясына қосылып, ішкі жүйлерді тексеру үшін жоғары қысыммен табиғи газ жіберілді.

Құрылыс кезінде жіберілген ақаулар жөнделіп, құбырлар қауіпсіздік талаптарына сай қайта жабдықталды. Осылайша, Біртілек ауылдық округі аумағындағы төрт елді мекен бүгінгі таңда газға қосуға дайын. Қазір тұрғындар үйлеріне газ кіргізуге рұқсат алу үшін құжаттарын рәсімдеп жатыр.

Сондай-ақ, Жолбасшы елді мекенінде газ жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарымен қатар, құбырлардың қысымға шыдамдылығын тексеру жұмыстары ішінара жүргізілуде.

Ауылдық округ аумағындағы тұрғын үйлерді газ желісіне қосу бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін Жолбасшы және Көлтоған елді мекендеріне «Бейбарыс БН құрылыс» ЖШС-і, Керегетас және Амангелді елді мекендеріне «Big Imperial Flame» ЖШС-і, Димитров және Еңбекші елді мекендеріне «Алаугаз» ЖШС-і тұрғындармен келісімшартқа жасасқан.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика