КҮЙСАНДЫҚ ОЙНАЛЫП, МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙГЕ БӨЛЕНДІ

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында мәдениет қызметкерлері орталық алаңдарда «Piano Performance»-ты қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетуде. Мұнда боялған күйсандықты тартуға әуестігі бар қала тұрғынының кез келгені тартып, көрерменнің көзайымына айнала алады. Бұл пианинолар шаhардың бес жеріне орнатылған.

– Қалада көптеген музыкант бар. Кейде мұндай талантты адамдардың көрші жерде тұратынын біле бермейміз. Осыған орай «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылуы рәсімінде нағыз арт-нысандарда орындалатын жанды музыка шырқалуда. Яғни, дарыны ескерілмей жүрген өнер адамдары күйсандықта ойнауға мүмкіндігі бар, – деді Шымкент қалалық Опера балет театрының концертместері Гюзель Кауленова.

Оның айтуынша, боялған пианинолар әлеуметтік институттар интерьеріне еніп, қала тұрғындарына керемет көңіл күй сыйлауды жалғастыра бермек.

Айта кетейік, 22 қараша күні ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасы Душанбе қаласына табысталады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика