АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫНАН ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ ӨШІП, АВТОЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

Кеше Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланды. Түнде қатты қар жауа бастады, қатты желмен аралас, желдің екпіні 25 м/с. болды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың кейбір шағынаудандарында (Қазығұрт ш/а жартылай, Сайрам, Достық-1, Ақжар, Тұран ш/а, Қайнар бұлақ саяжай, Қайтпас-1, 2, Самал-1, 2, 3 ш/а, Откормсовхоз, Тұрлан,  Коммунизм бөлімшесі (абоненттер саны анықталуда) электр жарығы өшірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС күшімен жүргізілуде. 

Бұдан басқа, қала тұрғындарына мәлімет үшін 22 қаңтар күні сағат 07.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» (533-593-км, Түлкібас ауданы), Жамбыл облысы шекарасынан Айша бибі ауылынан   метеорологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты автожолдарындағы көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.

Қолайсыз ауа райы қар, боран, қатты жел 23-қаңтарда да сақталады.

«112» басқару пультіне қала тұрғындарынан өтініш арыз-шағымдар түскен жоқ. Шымкент қ. ТЖ департаментінде шұғыл түрде жедел штабы құрылып, департаменттің күштері мен құралдары жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді.

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика