БАҒА БІЛГЕНГЕ БАЛЫҚ ТА БАЙЛЫҚ

Түркістан облысы Келес ауданында балық өсіру шаруашылығы эконимканың маңызды тармақтарының біріне айналды. Бүгінгі таңда мұнда 4 ірі шаруашылық өзен-көлдерде балық түрлерін көбейтіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек, балықты жылыжай ішінде көбейту, өсіру ісін қолға алғандар да бар.

Ауданда балық шаруашылығын алғашқылардың бірі болып бастаған «Жанель» шаруа қожалығы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Шаруа қожалығының жалпы аумағы 2 гектар. Қожалық басшысы Бақытжан Каюповтың айтуынша, шаруашылық жылына 50 тоннаға дейін балық өсіріп, саудалауға қауқарлы.

Ауданда балық өсіру және балық етін өндіру жұмысын жандандырған тағы бір кәсіпкерлік нысаны «Көшім» шаруа қожалығы 2019 жылдан бастап Ақтөбе ауылдық округі аумағындағы 100 гектар жерге балық өсіруде. Жылына 400 тоннаға дейін өнім алады. Шаруа қожалығының иесі Райс Тастановтың айтуынша, жоба толыққанды іске қосылса тағы 20 адамға тұрақты жұмыс табылады.

Балық шаруашылығымен айналысып жатқан шаруаларға бүгінгі таңда мемлекет барынша қолдау көрсетуде. Үкімет балық жемінің 50 процентін қаржылай субсидиялап келеді. Келес балығына қазір сыртқы нарықта сұраныс жоғары.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика